ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ 25 СӘУІРДЕН БАСТАП "DELTA BANK" АҚ САУДА-САТТЫҚҚА ҚАТЫСУДАН ШЕТТТІЛДІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫМЕН САУДА-САТТЫҚ ТОҚТАТЫЛДЫ

25.04.17 18:14
/KASE, 25.04.17/ – Қазақстан қор биржасының 2017 жылдың 25 сәуіріндегі шешімімен, "валюталық" және "қор" санаты бойынша KASE мүшесі болып табылатын "Delta Bank" АҚ (Алматы, әрі қарай– Банк) бағалы қағаздармен және шет ел валюталарымен сауда-саттықтан шеттетілді. Басқарманың осы шешімімен Басқарма Банктің клирингтік қатысушы мәртебесін тоқтатып қойды. Шешім KASE ішкі құжаты "Мүшелік туралы Қағиданың" 11 бабы 1 тармағы 6) тармақшасына сәйкес және KASE ішкі құжаты "Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиингтік қызметті жүзеге асыру Ережесінің" 6 бабы 1 тармағы 2) тармақшасына сәйкес, Банктің биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелері бойынша міндеттемелерді орындамауына байланысты қабылданды. 25 сәуірде Банкте шет елдік валюталар нарығында міндеттемелері болған жоқ. Банктің аталған күні бағалар қағаздар нарығында міндеттемелерін орындамауы оның активтерімен қамтамасыз етілді. Банктің бағалы қағаздар нарығында аталмыш күні орындамалмаған міндеттемелері оның активтерімен қамтамасыз етілді. Сәйкесінше, банктің аталмыш міндеттемелерді орындамауы Биржаның басқа мүшелері үшін жағымсыз жағдайларды туындатпайды. Сонымен қатар, аталмыш шешіммен: - Банктің KASE мүшелегі тоқтатылды, себебі, қатысушының биржалық сауда-саттықтан шеттету автоматты түрде оның Биржада мүшелігін тоқтатады; - 2016 жылдың 26 сәуірінен бастап KASE сауда-саттық жүйесінде Банктің келесі қағаздарымен сауда-саттық тоқтатылды : - KZ1C36500011 (KZ000A1CTMT7, KASE ресми тізімі, екінші санат, NFBN) жай акцияларымен; - KZP02Y10E176 (KZ2C00002038, KASE ресми тізімі "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты, NFBNb3) облигацияларымен; - KZP01Y05E699 (KZ2C00002699, KASE ресми тізімі "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты, NFBNb4) облигацияларымен; - KZP02Y07E693 (KZ2C00002665, KASE ресми тізімі "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты, NFBNb5) облигацияларымен; - KZP03Y15E694 (KZ2C00002681, KASE ресми тізімі "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты, NFBNb6) облигацияларымен; - облигациями KZP04Y12E699 (KZ2C00002673, KASE ресми тізімі "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты, NFBNb7) облигацияларымен. [2017-04-25]