2017 жылдың 26 мамырында "AsiaCredit Bank" (АзияКредит Банк) АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналыс болып өтеді

25.04.17 17:20
/KASE, 25.04.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "AsiaCredit Bank" (АзияКредит Банк) АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) 2017 жылдың 26 мамырында сағат 10:00-де банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы, келесідей күн тәртібінде, болып өтетіні туралы биржаға хабарлады: 1. Банк акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту; 2. 2016 жылға банктің жылдық қаржылық есеп берушілігін бекіту; 3. 2016 жылдың қорытындылары бойынша бір артықшылықты акциясы бойынша дивиденд көлемін, тәртібін және мерзімін бекіту 4. 2016 жылдың қорытындылары бойынша бір жай акциясы бойынша дивиденд көлемін, тәртібін және мерзімін бекіту 5. Директорлар кеңесінің мүшелеріне және атқарушы органға өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақылар және өтемақылар төлеудің көлемдері мен шарттары анықтау. 6. Банктің директорлар кеңесінің мүшелеріне төленетін сыйақы көлемі мен шарттарын анықтау; 7. 2016 жылға банктің жай акциялары бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдау туралы. Аталмыш жиналыс: Алматы қ., Аль-Фараби даңғ, 17/1 н.п 8 ("НұрлыТау" БО 5Б блогы, 3 қабат, В секторы, №4 конференц зал) мекен-жайында болып өтеді. Осы жиналысқа қатысушыларын тіркеу 09:00-ден басталады. Осы жиналысқа қатысуға құқылы акционерледің тізімі 2017 жылдың 24 сәуіріндегі жағдай бойынша құрастырылады. Кворум болмаған жағдайда банк акционерлерінің қайталама жиналысы жоғарыда аталған мекен-жайда 2017 жылдың 29 мамырында өтеді. Акционерлер жиналыстың күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша материалдармен Алматы қ., Аль-Фараби даңғ, 17/1 н.п 8 ("НұрлыТау" БО 5Б блогы, 2 қабат, А секторы) тел.: 8 (727) 2588 555 (ішкі1509). мекен-жайында таныса алады. [2017-04-25]