"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ талап арызын алғаны туралы хабарлады

14.04.17 16:59
/KASE, 14.04.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ (Астана, бұдан әрі цитатада – Қоғам) биржаға "Қоғам 2017 жылдың 12 сәуірінде ЖК Ахметова Калдыкуль Дихамбаевнадан 2017 жылға Жамбылдық филиал үшін кеңсе жайын жалға алу бойынша 2017 жылдың 27 ақпанында болып өткен тендердің нәтижелерін жою туралы талап арызын алды" деп мәлімдеді. [2017-04-14]