"Алматинские электрические станции" АҚ өзінің KZP03Y03E427 (KZ2C00002533, ALESb3) облигацияларын өтегені туралы хабарлады

13.04.17 09:45
/KASE, 13.04.17/ - "Алматинские электрические станции" АҚ (Алматы) 2017 жылдың 12 сәуірінде өзінің KZP03Y03E427 (KZ2C00002533, ALESb3) облигацияларын өтегені, сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 2641950000 теңгені, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың жиынтық номиналды құнының) сомасы – 2565000000 теңгені, купондық сыйақысы – 76950000 теңгені құрады. [2017-04-13]