"Ертіс-Полиметалл" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
11.04.17 10:23
/KASE, 11.04.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Ертіс-Полиметалл" АҚ ("Ертіс-Полиметалл" АҚ, бұдан әрі – компания)
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01
сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C60280019 жай акцияларының жалпы саны 1 000 000
дана;
- компанияның 213 579 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "КАРАВАН РЕСОРСИЗ ЛТД" ЖШС болып табылады.
[2017-04-11]