"КазТрансОйл" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

07.04.17 17:51
/KASE, 07.04.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "КазТрансОйл" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C29950017 жай акцияларының жалпы саны 384 635 600 дана; - компанияның 384 635 599 жай акциялары орналастырылған; - компания өзінің 7 500 акциялары кері сатып алды; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана, Қазақстан Республикасы) болып табылады, оның меншігінде 346 172 040 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 90,00% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 90,00%) бар. [2017-04-07]