2017 жылдың 19 мамырында "Батыс транзит"АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болады

07.04.17 15:34
/KASE, 07.04.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Батыс транзит"АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), 2017 жылдың 19 мамырында сағат 12:00 компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: 1. 2016 жылға компанияның жылдық қаржылық есебін бекіту; 2. компанияның таза табысын бөлу тәртібін анықтау, компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және компанияның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту; 3. 2016 жылдағы компанияның Директорлар кеңесінің қызметі туралы есеп беру; 4. Компания акционерлерін Директорлар кеңесінің және компания басқармасының мүшелеріне сыйақы көлемі мен құрамы туралы хабардар ету; 5. компанияның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне шағымдарын қарау және осындай қараулардың нәтижелері туралы; 6. Компанияның Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы мен өтемақы шығандарын төлеу ережесін бекіту. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Шевченко көш., 162ж, 4 қабат, мәжіліс залында өтеді. Аталмыш жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 11.30-дан басталады. Аталмыш жиналысқа қатысуышылардың тізімі 2016 жылдың 18 мамырындағы жағдай бойынша жасалады. Кворум болмаған жағдайда акционерлердің қайталама жиналысы 2017 жылдың 07 сәуірінде жоғарыда аталған мекен-жайда өтеді. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер материалдарымен 2017 жылдың 08 мамырынан бастап жиналыс өткенге дейін компания орналасқан жерде таныса алады. [2017-04-07]