"ForteBank" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
06.04.17 14:24
/KASE, 06.04.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "ForteBank" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің
акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай
бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған KZ1C40310019 жай акцияларының жалпы саны 150 003 000 000
дана;
- банктің 92 387 104 089 жай акциялары орналастырылған;
- банк өзінің 893 066 000 акциялары кері сатып алды;
- банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі
санына иеленген жалғыз тұлға Б.Ж.Өтемұратов болып табылады, оның меншігінде
80 629 447 285 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан
88,13% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 87,27%) бар.
[2017-04-06]