"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

06.04.17 12:42
/KASE, 06.04.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C55020016 жай акцияларының жалпы саны 364 821 911 дана; - компанияның 364 515 731 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" мемлекеттік мекемесі ЗТ болып табылады. [2017-04-06]