"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
05.04.17 11:25
/KASE, 05.04.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ (Астана, бұдан
әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің
2017 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C36570014 жай акцияларының жалпы саны 36 574 838
дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып
табылады.
[2017-04-05]