"АҚ Алтыналмас" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

05.04.17 10:11
/KASE, 05.04.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "АҚ Алтыналмас" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C04450017 жай акцияларының жалпы саны 50 000 000 дана, KZ1P04450113 артықшылықты акциялар саны – 5 267 дана; - компанияның 10 000 000 жай акциялары және барлық артықшылық акциялары орналастырылған; - компания өзінің 4 830 артықшылықты акциясын қайта сатып алды; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға AQUILA GOLD B.V. (Амстердам, Нидерландылар болып табылады, оның меншігінде 10 000 300 (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,95%) соның ішінде компанияның 10 000 000 жай акциясы (компанияның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 100,00%) және 300 артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санынан 5,70%) бар. [2017-04-05]