KASE "Биржалық симулятор – 2017" білім беруші жобасы Global Money Week шарасы аясында жүзеге асырылмақшы

03.04.17 13:25
/KASE, 03.04.17/ – Қазақстан қор биржасы (Биржа, KASE) балалар мен жастар үшін қаржы саласындағы – Child and Youth Finance International (CYFI) Халықаралық даму қоры жүзеге асыратын, Global Money Week (GMW, Бүкіләлемдік қаржы аптасы) жастар мен балалардың қаржы саласында қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі бүкіләлемдік жыл сайынғы қозғалысы аясында осы шараны бесінші жыл қатарынан өткізіп отыр. Биылғы жылы Қазақстан қор биржасы мен "ИРБИС" қаржы нарығы агенттігі бірлесіп студенттер арасында өткізілетін кең ауқымды білім беруші "Биржалық симулятор" жобасының басталуы Global Money Week шарасына арналды. Global Money Week – оқушылар мен студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған ірі халықаралық оқиға болып табылады. GMW басты мақсатты аудиториясы 10-нан 25 жылға дейінгі жастағы балалар мен жастар болып табылады. Бүкіләлемдік Қаржы аптасы – 2017 шарасы 2017 жылдың 27 наурызынан 02 сәуіріне дейін өткізілді. Толық ақпаратпен KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/press/ru/03_04_2017_KASE_GMW2017.pdf мекен- жайында танысуға болады. [2017-04-03]