"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ жұмыспен қамтудың өнімділігі мен 2017-2021 жылдарға арналған жаппай кәсіпкерлік бағдарламасын іске қосу туралы хабарлады

31.03.17 11:40
/KASE, 31.03.2017/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана), биржаға жолдаған баспасөз хабарламасында төмендегі туралы хабарлады: цитата басы 2017 жылдың сәуірінде қазақстандықтар үшін ауылдық жерде өз бизнесін ашу үшін үлкен мүмкіндіктер туындайды. Кәсіпкерлер "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының" (Бағдарлама) арқасында жылдық мөлшерлемесі не бары 6 пайыз болатын 18 миллион теңгеге дейін кредит ала алады. 2017 жылы Бағдарлама аясында ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы кәсіпкерлік қызметті микрокредиттеуге 27 млрд теңгеден аса қаржыны бөлу жоспарланған. Бағдарлама операторлары – "ҚазАгро" холдингінің еншілес ұйымдары "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Корпорация) және "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ. Корпорация арқылы 11,1 млрд теңге мөлшеріндегі қаражат игерілетін болады. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/AGKK/agkk_reliz_310317_kz.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2017-03-31]