KASE Листингілік комиссиясы "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ жоспарланған халықаралық облигациялары шығарылымын KASE ресми тізіміне "мемлекеттік сыңайлы субъектілердің борыштық бағалы қағаздары" санаты бойынша енгізуге келісім берді

18.03.17 16:07
/KASE, 18.03.17/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 18 наурызындағы шешімімен "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) жоспарланған халықаралық облигациялары шығарылымы KASE ресми тізіміне "мемлекеттік сыңайлы субъектілердің борыштық бағалы қағаздары" санаты бойынша енгізілді. KASE ресми тізіміне аталмыш санат бойынша аталмыш облигацияларды енгізу туралы осы шешім "Листингілік ережелер" KASE ішкі құжатының 18 бабы 2 тармағы және 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес белгіленген, эмитенттердің шарттарын орындаудан кейін күшіне енетін осы санат бойынша бір уақыттағы шешім болып табылады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жуырдағы уақытта http://www.kase.kz/ru/emitters/show/aggz мекен-жайында жарияланады. [2017-02-03]