2016 жылдың 17 сәуірінде "Estate Management Company" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді
16.03.17 15:30
/KASE, 16.03.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Estate Management Company" АҚ (Алматы, бұдан
әрі – компания), биржаға 2017 жылдың 17 сәуірінде сағат 11:00-де
компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні
туралы хабарлады. Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе:
1) жиналыстың күн тәртібін бекіту туралы;
2) компанияның 2016 жылға аудиттелген қаржы есептілігін бекіту туралы;
3) компанияның акцияларына дивиденд төлеу туралы шешім қабылдау
туралы;
4) компанияның Директорлар кеңесінің қызметі туралы есебін бекіту
туралы.
Аталмыш жиналыс: Алматы қаласы, Фурманов көшесі, 240г мекен-жайында
өтеді. Осы жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 10:00-ден 10:50-ге дейін
жүргізіледі.
Осы жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі, 2017 жылдың 14
сәуіріндегі жағдай бойынша құрастырылады.
Кворум болмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы
жоғарыда атлған мекен-жай бойынша, 2017 жылдың 18 сәуірінде болып
өтеді.
Күн тәртібінің материалдарымен 2017 жылдың 07 сәуірінен бастап,жұмыс
күні Алматы қаласы, Фурманов көшесі, 240г, мекен-жайлары бойынша
таныса алады.
[2017-03-16]