"AltynEx Company" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу күнін 2017 жылдың 27 наурызына ауыстырғаны туралы хабарлады

13.03.17 17:22
/KASE, 13.03.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "AltynEx Company" АҚ (Ақтөбе обл, әрі қарай - компания), Қазақстан қор биржасына, акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу күнін келесідей күн тәртібімен 2017 жылдың 27 наурызына ауыстырғаны туралы хабарлады: 1) Компанияның заңды тұлғаны құруға қатысу туралы шешім қабылдауы; 2) Компанияның Диекторлар кеңесінің компания акционерлері мен инвесторларының назарына жеткізілуі тиіс шешім қабылдаған мәселелерінің тізбесін бекіту. Аталмыш жиналыс: Ақтөбе обл, Мұғалжар ауданы, алтынды кенті, компанияның мәжіліс залында болып өтеді. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 11:30-дан басталады. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2017 жылдың 27 наурызы 00:00 сағат жағдай бойынша құрастырылатын болады. Кворум жиналмаған жағдайда банктің акционерлерінің қайталама жиналысы 2016 жылдың 28 наурызында сағат 11:00-ден сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен компанияның атқарушы органының мекен-жайы бойынша 2017 жылдың 13 наурызынан бастап, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17:00-ге дейін таныса алады. [2017-03-13]