Ақпан айында Биржада акциялармен жасалған мәмілелерге қатысқан жеке тұлғалардың шоттарының саны 2%-ға артты
13.03.17 16:58
/KASE, 13.03.17/ – 2017 жылдың ақпан айында Қазақстан қор биржасында
(KASE) акциялармен жасалған мәмілелерге қатысқан жеке тұлғалардың
шоттарының саны алдыңғы айға қарағанда 2 % өсті. Акциялардың брутто-
айналымындағы жеке тұлғалардың үлесі 2017 жылдың қаңтар айында
ақшалай мәнде 31,0 %-дан 48,6 %-ға дейін төмендеді.
Ақпан айының аяғында "Бағалы қағаздардың орталық депозитариі" АҚ
(Алматы, бұдан әрі – ОД) мәліметтері бойынша жеке тұлғалардың атына
ашылған жеке шоттардың жалпы саны 106 150-ге жетті, бұл алдыңғы айдың
соңына қарағанда 1 290 шотқа көбейгенін және 2016 жылдың басына
қарағанда 1 290 шотқа артқанын көрсетеді.
Төмендегі кестеде KASE акциялармен сауда-саттыққа қатысушы жеке
тұлғалардың ОД ашылған жеке шоттары санының динамикасы, осындай
шоттардағы акциялармен сауда-саттықтың брутто-айналысы, олардың осы
айдағы акциялармен сауда-саттығының жалпы брутто-айналысындағы
мәмілелер үлесі туралы ақпарат берілген.
-----------------------------------------------------------------
2015 ОД шоттары Мәмілелер саны* Брутто-айналым, Жалпы
жылдың млрд теңге* брутто
айы айналымдағы, %*
------ ---------- --------------- --------------- ---------------
Қаңтар 105 996 1 430 6,9 48,6
Ақпан 106 150 1 452 6,6 31,0
-----------------------------------------------------------------
*арнайы мамандандырылған сауда-саттықты, ірі мәмілелерді қоспағанда.
Ақпан айында биржадағы акциялар сауда-саттығының жалпы брутто-
айналысы алдыңғы аймен салыстырғанда 21,3 млрд. теңгені, сауда-саттық
көлемі – 10,6 млрд теңгені құрады.
[2017-03-13]