KASE Директорлар кеңесінің биржа мүшелерінен шет елдік валюта нарығы бойынша Комитет мүшелерінің құрамын бекітті

10.03.17 17:27
/KASE, 10.03.17/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2017 жылдың 09 наурызындағы шешімімен аталмыш шешімді қабылдаған күннен бастап уәкілеттік мерзімі бір жылға биржа мүшелерінен шет елдік валюта нарығы бойынша Комитет мүшелерінің құрамын бекітті: - Алтынбек Жасұлан Қайратұлы, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ Қаынашылық Сауда-саттық операциялары Басқармасының бастығы; - Байтелиев Нұртелі Тұлтайұлы, "Еуразиялық Банк" АҚ ALM және Қазынашылық департаментінің қазынашылық басқармасының бастығы; - Даутбаев Асыл Бахитович, "ForteBank" АҚ Қазынашылық басқармасының директоры; - Изотов Ильяс Шаяхметович, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкінің Қазынашылық басқармасының директоры; - Казиев Аскар Рустемович, начальник "Банк ЦентрКредит" АҚ Қазынашылық департаментінің дилинг бөлімінің директоры; - Попов Евгений Владимирович, "Kaspi Bank" Қазынашылық департаментінің директоры Шет елдік валюта нарығы бойынша Комитет туралы Қағидаға сәйкес құрамына төмендегілер кіреді: - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің екі өкілі; - Біреуі KASE басқармасының мүшесі, шет елдік валютамен мәмілелер бойынша есептеулер жүргізу мәселесін басқарушы; - KASE мүшелерінің алты өкілі. Шет елдік валюта нарығы бойынша жаңартылған Комитет құрамы жақында KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/authorities мекен-жайында танысуға болады. Шет елдік валюта нарығы бойынша Комитеттің Қағидасы KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/currency_com.pdf мекен- жайында жарияланған. [2017-03-10]