"БАСТ" АҚ ЖАЗЫЛЫМЫ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА ӨЗІНІҢ 36 886 ЖАЙ АКЦИЯСЫН KZ1C59680013 (KZ1C00001015, BAST) ЖАЛПЫ СОМАСЫ 1 125,0 МЛН ТЕҢГЕГЕ ОРНАЛАСТЫРДЫ

10.03.17 15:16
/KASE, 10.03.17/ – Бұрын хабарланғандай, 2017 жылдың 02-03 наурызында Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде жазылым жүргізу арқылы "БАСТ" АҚ (Шығыс Қазақстан обл.) KZ1C59680013 (KZ1C00001015, KASE ресми тізімі, екінші санат, BAST) жай акцияларын орналастырды. Аталмыш акцияларға жазылым жүргізу кезінде сатушы ретінде, "БАСТ" АҚ қаржылық кеңесшісі, андеррайтері және орналастырылатын бағалы қағаздардың биржадағы маркет-мейкері болып табылатын, "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) шықты. Орналастыруға барлығы 36 886 акция ұсынылды. Орналастыру бағасы – бір акцияға 30 500 теңге болды. Орналастырудың қосымша шарты сатып алушының жазылым бойынша есептесулерді жүргізу күнінен бастап 180 күн ішінде аталмыш акцияларға жазылым аясында барлық сатып алынған акцияларды сатуға шектеу құқығына міндетті түрде келісуі болып табылады. Өтінімдерді жинауды тоқтатқан сәтте KASE сауда-саттық жүйесіне заңды және жеке тұлғалардан 38 039 акцияны сатып алуға өтінім келіп түсті, олардың барлығы белсенді деп мойындалды. Қосынды сұранымы 1 160,2 млн теңге жетті, ұсыным көлемі 3,1 %. Жеке тұлғалар тарапынан сұраным 1 121,1 млн теңге немесе жалпы сұранымның 96,6 % құрады. Орналастыру қорытындысы бойынша сатушы барлық жоспарланған акциялар көлемін жалпы сомасы 1 125 023 000 теңгеге орналастырылды. Сонымен қатар жеке тұлғалар 1 085 983 000 теңгеге 35 606 акция сатып алды немесе орналастыру көлемінен 96,5 % құрады. Жазылым қорытындысы бойынша есептеулер 09 наурызда жүргізілді. Орталық бағалы қағаздар депозитрийі" АҚ (Алматы) мәліметтеріне сәйкес, осы ақпаратты жариялау сәтінде, аталмыш акциялар бойынша жасалған барлық мәмілелер бойынша есеп айырысу жүзеге асырылды, жазылым аяқталды. [2017-03-10]