KASE 2016 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕРЕКШЕЛЕНГЕН БИРЖА МҮШЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ

15.02.17 17:51
/KASE, 15.02.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2017 жылдың 15 ақпанында Биржаның 2016 жылдың қорытындысы бойынша ерекшеленген Биржа мүшелерін марапаттау рәсімін жасағаны туралы хабарлады. "Жыл андеррайтері" номинациясы бойынша марапатталғандар: - "Фридом Финанс" АҚ – акциялар нарығында; - "Казкоммерц Секьюритиз" ("Казкоммерцбанк" АҚ ЕБ) – корпоративтік облигациялар нарығында. "Нарық көшбасшысы" номинациясы бойынша: - "Фридом Финанс" АҚ – акциялар; - - "Банк ЦентрКредит" АҚ Еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ – корпоративтік облигациялар; - "Қазақстан Халық Жинақ Банкі" АҚ – мемлекеттік бағалы қағаздар. "Жыл маркет-мейкері" номинациясында: - "Фридом Финанс" АҚ – акциялар нарығында; - Банк ЦентрКредит" АҚ Еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ және "Қазақстан Халық Жинақ Банкі" АҚ "Halyk Finance" – корпоративтік облигациялар нарығында. "Инвесторларды тартудағы елеулі үлесі үшін" номинациясында "Фридом Финанс" АҚ марапатталды. Жеңімпаздар 2016 жылдың қорытындысы бойынша KASE мүшелерін номинацияларда марапаттау үшін анықтау мақсатында құрылған Саараптама кеңесінің шешімімен анықталды. Төменде Сараптама кеңесінің құрамы берілген: 1) Н.Ю. Хорошевская (Сараптау кеңесінің төрағасы), KASE Басқарма Төрағасының орынбасары; 2) И.М. Сабитов, KASE Басқарма Төрағасының орынбасары; 3) Қ.Ж.Тұрмағамбетов, KASE Басқармасының мүшесі, бизнесті дамыту бойынша басқарушы директор; 4) Е.Б. Мажекенов, KASE Сауда-саттық Департаментінің директоры; 5) Г.А. Цалюк, KASE листингі Департаментінің директоры; 6) В.С. Литвинов, KASE мониторинг бөлімінің бастығы; 7) А.Е. Калиғазин, KASE эмитенттер мен инвесторлармен жұмыс бөлімінің бастығы. Биржаның ішкі құжатымен "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерін жыл сайын марапаттау Ережесі" KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/rules_annual_reward.pdf мекен- жайында танысуға болады. KASE 2002 жылдың қорытындысы бойынша Биржаның ерекшеленген мүшелерін алғаш рет марапаттау өткізген. Алдыңғы жылдардағы номинация дипломанттары туралы KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/ru/ members_diplomas мекен-жайында танысуға болады. [2017-02-15]