"Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының KZ2C0Y10D596 (KZ2C00000156, KMGZb2) облигациялары бойынша биржадағы маркет-мейкері мәртебесінен бас тартты

14.02.17 11:21
/KASE, 14.02.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2017 жылдың 17 ақпанынан бастап "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының (Астана) KZ2C0Y10D596 (KZ2C00000156, KASE ресми тізімі, "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санаты, KMGZb2) облигациялары бойынша биржадағы маркет-мейкердің міндеттерін атқарудан босатылды. Осы шешім "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" атты KASE ішкі құжатыны 3 бабына сәйкес, маркет-мейкердің осы мәртебеден ерікті бас тартуы себебінен қабылданды. [2017-02-14]