"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ өзінің Директорлар кеңесінің 60 млрд теңгеге мүдделі мәміле жасасу туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлады

13.02.17 17:32
/KASE, 13.02.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана) биржаға баспасөз хабарламасын ұсынды, онда төмендегі хабарланған: ... "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (әрі қарай – Корпорация) "Акционерлік қоғамдар туралы" ҚР Заңының 70 бабы 1 тармағына сәйкес 2017 жылдың 09 ақпанында Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігімен және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен 2017 жылы АШК субъектілерімен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін, 262 бюджеттік бағдарламасы бойынша алынған қаражаты есебінен 60 000 000 000 (алпыс миллиард) Несие келісім-шарты түрінде ірі мәміле жасағаны туралы шешім қабылдады. ... [2017-02-13]