"Казкоммерцбанк" АҚ 2016 жылы депозиттермен онлайн-операциялар жасау артқаны туралы хабарлады

10.02.17 17:15
/KASE, 10.02.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы Жаңа қызметтер – интернет арқылы депозитті ашып, тәулік бойы жеке тұлғалардың салымдары бойынша онлайн-операцияларды орындау – 2016 жылдың қорытындысы бойынша QAZKOM-ның өзге де өніміне қарағанда өсімнің жақсы динамикасын көрсетті. Банктің интернет-порталында (Homebank.kz) ашылған жаңа депозиттердің саны екі еселенді, ал салымдарды толықтыру және қаражатты ішінара алу транзакциялардың көлемі қаңтардағы көрсеткішпен салыстырғанда жылдың соңына дейін 18 есе өсіп, шамасы 203 мыңды құрады. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен – http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_100217_1.pdf мекен- жайында танысуға болады. [2017-02-10]