"3А-БэстГрупп" АҚ KZ1С60370018 (KZ1C00001353, BSGR) жай акциялары KASE ресми тізімінің екінші санатына енгізілді

02.02.17 17:52
/KASE, 02.02.17/ –Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 02 ақпанындағы шешімімен KASE ресми тізімінің екінші санаты бойынша "3А-БэстГрупп" АҚ (Алматы) KZ1С60370018 (ISIN – KZ1C00001353) жай акциялары енгізілді. Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі күшіне енгені туралы қосымша хабарланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бағалы қағаздарды 2016 жылдың 16 қарашасында мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес, "3А-БэстГрупп" АҚ жарияланған акцияларының саны 1 100 322 жай акцияға бөлінген, оған KZ1С60370018 ұлттық сәйкестендіру номері берілген. Шығарылым эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізбесіне A6037 номерімен енгізілген. Аталмыш облигацияларға тиісінше BSGR қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. "3А-БэстГрупп" АҚ қаржылық кеңесшісі "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) болып табылады. "3А-БэстГрупп" АҚ негізгі қызметі Қазақстан облысы Маңғыстау облысында мұнай өндірісі болып табылады. Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2017-02-02]