/KASE, 01.02.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2016 жылдағы қызметінің
қорытындыларын шығарды.
KASE қызметінің негізгі нәтижелері:
- 2016–2018 жылдарға KASE дамуының жаңа Стратегиясы қабылданды;
- сауда-саттықтың жалпы көлемі 94,5 трлн теңгенің баламасын құрады;
- KASE Индексі бір жылда 58 %-ға 1 357,87 нүктеге дейін өсті (соңғы алты
жылдағы ең үлкен өсім);
- акциялар нарығының капитализациясы 2017 жылдың 01 қаңтарына 14,3
трлн теңгеге жетіп, бір жылда 15 %-ға өсті;
- Орталық депозитарийдің жеке шоттарды есепке алу жүйесіндегі
2017 жылдың 01 қаңтарына жеке тұлғалардың шоттарының саны
105 319 жетті, бір жылда 3 587 шотқа артты;
- Қазақстан қор биржасында "Ақтөбе металлды конструкциялар
зауыты" АҚ IPO өткізіліп, соның шегінде компания 800 млн теңге тартты.
Жалпы сұраным 2 975,3 млн теңгеге жетіп, ұсынымнан 3,7 есеге артты.
2017 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша акцияның бағасы
26,7 %-ға өсіп, бір акцияға 14 165,7 теңгені құрады (сатып алушы үшін
орналастыру бағасына кірістілігі – жылдық 60,2 %);
- "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ, "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ және "Исткомтранс"
ЖШС коммерциялық (қысқа мерзімді) облигацияларының бірінші
шығарылымдары орналастырылды. Оларды KASE арқылы сату
нәтижесінде 1,8 млрд теңге тартылды;
- KASE ребрендингі жүзеге асырылды;
- KASE өзінің жаңа интернет-сайтының бастапқы бета-нұсқасын іске
қосып, TradingView Inc бірлескен брендингі туралы жариялады.
Биржалық нарықтың негізгі көрсеткіштері мазмұндалған, толығырақ ақпарат
KASE интернет-сайтында жарияланған
http://www.kase.kz/files/press/ru/31_01_2017_Itogi_2016.pdf
[2017-02-01]