"Казкоммерцбанк" АҚ Астана және Алматы қалаларында "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ арнайы бағдарламалары бойынша шағын және орта бизнесті несиелендіруді бастағаны туралы хабарлады

01.02.17 18:12
/KASE, 01.02.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), биржаға жолдаған баспасөз хабарламасында: цитата басы QAZKOM Даму қорының бес жаңа арнайы бағдарламалардың негізгі операторы ретінде Астана мен Алматының шағын және орта кәсіпкерлеріне несие бере бастады. Бұл бағдарламаларды іс-жүзіне асыру үшін Даму қорымен бөлінген 5 млрд теңгенің 3,7 млрд теңгеге жуығы Қазкоммерцбанктің клиенттеріне берілетін болады. Бұл қаражат банкке 7 жылдық мерзімге ақылы әрі қайтарылмалы түрде берілді. Аталған бағдарламалардың ерекшелігі бизнестің жаңа бағыттары - «стартаптар», инновациялық, ғылыми және технологиялық шешімдер, сондай-ақ ірі мегаполистер үшін маңызды болып табылатын жобалар - өңдеу және тамақ өнеркәсібі, сервис және инфрақұрылым салалары қаржыландырылады. цитата соңы Толық ақпаратпен KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_010217_1.pdf мекен- жайында танысуға болады. [2017-02-01]