2016 ЖЫЛДЫҢ 01 АҚПАНЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ, KASE ИНДЕКСІНІҢ МӘНІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕТІН, АКЦИЯЛАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЗГЕРТТІ

01.02.17 10:09
/KASE, 01.02.17/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен 2017 жылдың 01 ақпанынан бастап KASE индексінің өкілетті тізіміне енетін акциялардың жаңа параметрлері – еркін айналыстағы акциялардың үлесі және шектеу коэффициенттері – анықталды. Төменде берілген кестеде KASE Индексінің мәніне ықпал ететін, акциялардың 01 қарашасына дейін қолданыста болған және жаңа параметрлері көрсетілген. -------------------------------------------------------------------------------- 2017 жылдың 01 ақпанынан бастап 2017 жылдың 01 ақпанына дейін -------------- ------- ------------ -------------- ------- ------------ орналас- free шектеу орналас- free шектеу Акцияның тырылған float коэффициенті тырылған float коэффициенті коды акциялар (Fi), % (Ri) акциялар (Fi), % (Ri) саны саны -------- -------------- ------- ------------ -------------- ------- ------------ BAST 202 591 9,4 1,0000000 202 591 14,8 1,0000000 CCBN 162 456 800 26,6 1,0000000 162 456 800 26,6 1,0000000 GB_KZMS 458 379 033 57,3 0,0958598 458 379 033 57,0 0,1343896 HSBK 10 995 539 182 26,5 0,3039505 10 995 541 982 26,5 0,2685502 KCEL 200 000 000 25,0 0,8273224 200 000 000 25,0 0,7107775 KEGC 259 998 610 10,0 1,0000000 260 000 000 10,0 1,0000000 KZTK 10 707 323 23,0 1,0000000 10 707 323 23,0 1,0000000 KZTO 384 628 099 10,0 0,9008435 384 628 099 10,0 0,8974956 RDGZ 67 693 075 36,3 0,0998817 67 693 075 36,3 0,1119533 -------------------------------------------------------------------------------- Осыдан басқа, Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің аталмыш шешімімен 2017 жылдың 01 ақпанынан бастап KASE Индексін есептеу барысында түзету коэффициентінің жаңа мәні (K) – 1,6526493 қолданылады. Аталмыш күнге дейін K – 1,5898309 тең болды. КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ KASE индексі – KASE акция нарығының индексі, ол аталмыш индексті есептеу үшін өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін, олардың эмитенттерінің капитализациясын және еркін айналыстағы (free float) бұл акциялар санын ескере отырып, көрсетеді. Бір атаулыдағы акцияның KASE индексіне ықпалы 15 %-дан аса алмайды. KASE индексі осы индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаулы акцияларымен мәміле жасау шамасына қарай сауда-саттық күні барысында есептеледі. Параметрлері KASE индексін есептеуге қажетті, мәмілелер сауда-саттық күні барысында жасалмаса, мұндай есептесулер мақсатында соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясының нәтижелері қолданылады. Индексті есептеу әдістемесі "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатында берілген, ол KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met_kaz.pdf мекен-жай бойынша жарияланған. Индекс беті http://www.kase.kz/kz/index_kase мекен-жай бойынша жарияланған. Акция коды: биржада сатылатын, бағалы қағаздар эмитентінің кодын (алғашқы 4 таңбасы, сондай-ақ жай акция коды): акция санатын (егер бесінші таңба "p" болса, онда артықшылықты акция); акция шығарылымының реттік нөмірі (қажет болған жағдайда, алтыншы сандық таңба) көрсетіледі. Эмитенттердің кодтары: BAST – "БАСТ" АҚ; CCBN – " ЦентрКредит Банкі" АҚ; GB_KZMS – KAZAKHMYS PLC; HSBK – "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ; KCEL –"Кселл" АҚ; KEGC – "Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы" АҚ (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" (KEGC); KZTK – "Қазақтелеком" АҚ; KZTO – "КазТрансОйл" АҚ; RDGZ – "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ. Орналастырылған акциялар саны – листингілік компания акционерлерінің тізілімі жүйесінің үзінді көшірмесінің мәліметтері немесе компанияның ақпараты негізінде, қайта сатып алынғандарды есептемегенде, листингілік компанияның орналастырылған акциялар саны ретінде, KASE дербес түрде анықтайтын, параметр. Биржа KASE Индексін есептеу кезінде орналастырылған акциялардың биржадағы құжаттармен расталған санының мәнін ескереді. Free float (Fi), % – мемлекетке, эмитент менеджментіне және, эмитенттің жай акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі пайызына иеленген, акционерлерге тиесілі емес, KASE Тәуекел комитетінің шешімімен стратегиялық деп танылмаған (есептік қызмет көрсету қызметін атқаратын институционалды инвесторлар, номиналды иелері және т.б.) акционерлерді қоспағанда, акциялардың саны ретінде KASE анықтайтын параметр. Шектеу коэффициент (Ri) – әрбір акцияның индекс мәніне ықпалын он бес пайызға дейін шектейтін, параметр. [2017-02-01]