/KASE, 26.01.17, эмитенттің акцияларды орналастыру кезеңін түзетуге
байланысты құжаттарды ұсынуға байланысты өзгертілді / – Акциялары
Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Аграрлық
несие корпорациясы" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық Банк) 2016 жылдың
27 желтоқсанындағы хатының көшірмесін биржаға ұсынды.
Аталмыш хатқа сәйкес:
- Ұлттық Банк компания акцияларының 2016 жылдың 26 қазанынан
14 қарашасына дейінгі кезеңде орналастыру есебін бекітті;
- 2016 жылдың 14 қарашасындағы жағдай бойынша компанияның
158 630 371 жай акциясы орналастырылды, жарғылық капиталы
158 630 371 000,00 теңгені құрады.
Аталмыш хатпен және есебімен KASE интернет-сайтында –
http://www.kase.kz/files/emitters/AGKK/agkk_placement_results_270216_2.pdf
мекен-жайында танысуға болады.
[2017-01-26]