"Қазақтелеком" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
18.01.17 11:16
/KASE, 18.01.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға
өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 қаңтарындағы
жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C12280018 жай акцияларының жалпы саны 10 922 876
дана, KZ1P12280114 артықшылықты акциялар саны – 1 213 653 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компания өзінің 215 553 жай акциясын және 893 097 артықшылықты акциясын кері
сатып алды;
- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан әрқайсысы бес және
одан аса көлемдегі санына иеленген тұлғалар болып табылады:
-------------------------------------------------------------------------------
Жай акциялар,
----------------------------- Компанияның
орналастырылған
осы атаудағы акцияларының
орналастырылған жалпы санындағы
акцияларды жалпы үлесінің
Атауы дана санындағы үлесі, % барлығы, %
-------------------------- ---------------- ------------------ ----------------
"Самұрық-Қазына" Ұлттық
әл-ауқат қоры" АҚ 5 570 668 52,03 45,90
Sobrio Limited
(Рас-эль-Хайма., БАӘ) 2 672 592 24,96 22,02
"Бағалы қағаздар орталық
депозитарийі" АҚ
(номиналды ұстаушы) 1 001 276 9,35 8,25
-------------------------------------------------------------------------------
[2017-01-18]