2016 жылы Қазақстан қор биржасындағы шетел валюталарының сауда-саттығының көлемі 45,4 %-ға төмендеп, 36,1 трлн теңгені ($104,9 млрд) құрады
06.01.17 19:02
/KASE, 06.01.17/ – 2016 жылы Қазақстан қор биржасының (KASE)
валюталық своп операцияларын қоса есептегенде, шетелдік валюталармен
сауда-саттық көлемі 36 124,4 млрд теңгені (баламасы 104 863,0 млн АҚШ
долларына тең) құрады және 2015 жылмен салыстырғанда 45,4 %-ға
(долларлық көрсетілімде 66,5 %) төмендеді.
Төмендегі кестеде биржадағы 2016 жылдағы шетел валюталары нарығының
көрсеткіштер кестесі айларға, валюталарға және мәмілелер түрлері
бойынша бөлініп, және 2015 жылмен салыстырмалы түрде берілген.
------------------------------------------------------------------------------------------
Сауда-саттық көлемі
----------------------------------------- ----------------- -------- ---------
спот-нарықта, млн своп-нарықта, млн
----------------------------------------- -----------------
-------- ------- -------- бәрі, бәрі,
Жыл, USD/KZT EUR/KZT EUR/USD RUB/KZT CNY/KZT USD/KZT EUR/KZT млрд млн
ай KZT USD
----------- -------- ------- -------- ------- ------- --------- ------- -------- ---------
2016, I 2322,2 2,0 1021,5 0 4,9 13029,2 0 5650,0 15367,4
2016, II 2386,3 1,7 1646,0 1,5 6,6 7501,7 0 3566,5 9913,8
2016, III 2960,5 2,4 1029,6 0,2 4,5 4363,5 0 2529,8 7342,2
2016, IV 2758,0 1,7 1517,3 0,4 8,0 5580,0 0 2819,3 8364,4
2016, V 2503,2 1,6 744,6 0 6,4 3314,5 0 1943,2 5831,8
2016, VI 2662,6 2,7 867,8 0 5,0 5683,1 0 2817,6 8362,8
2016, VII 2250,8 1,7 740,0 0 5,7 5038,8 0 2505,2 7303,9
2016, VIII 2821,7 1,1 927,4 1,5 7,4 6447,1 0 3202,5 9287,1
2016, IX 2243,0 1,2 669,1 0 9,1 4590,2 0 2315,0 6846,3
2016, X 2181,7 2,6 1023,4 0 6,7 4350,2 0 2175,2 6552,0
2016, XI 2838,8 1,8 1572,3 0 12,0 4860,0 0 2620,3 7727,0
2016, XII 2453,4 3,2 1395,0 0 20,5 9482,1 0 3979,9 11964,5
----------- -------- ------- -------- ------- ------- --------- ------- -------- ---------
Барлығы 30 381,9 23,6 13 154,0 3,6 96,7 74 240,4 0 36 124,4 104 863,0
----------- -------- ------- -------- ------- ------- --------- ------- -------- ---------
2014, I–XII 55 831,6 37,0 18 319,2 1,3 51,2 256 630,0 0 66 202,3 312 812,5
тренд, % -45,6 -36,3 -28,2 +188,0 +89,0 -71,1 X -45,4 -66,5
------------------------------------------------------------------------------------------
05.01.16 бастап 30.12.16 дейінгі кезеңде KASE негізгі (таңертеңгілік) сауда-
саттық сессиясында жасалған барлық мәмілелер бойынша есептелген,
теңгенің АҚШ долларына орташа сараланған бағамы бір АҚШ долларына
342,37 теңгені, барлық биржалық мәмілелер бойынша бір АҚШ долларына
342,06 теңгені құрады.
[2017-01-09]