"Сбербанк России" АҚ Еншілес банкі ARYS Research банктің клиенттерге қызмет көрсету сапасын зерттеу нәтижелері туралы хабарлады
09.01.17 14:42
/KASE, 09.01.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес банкі (Алматы),
биржаға жолдаған ақпараттық хабарламасында былай деп мәлімдеді:
цитата басы
Тәуелсіз зерттеу және консалтингтік ARYS Research компаниясының
бағалауы бойынша, клиенттердің Сбербанктің қызмет көрсету сапасымен
жалпы қанағаттануы максималды 5 балл бойынша 4,69-ды құрады. Өткен
жылғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 0,6 баллға
жоғарлаған.
Бұдан басқа, Сбербанкке деген тұтынушылар адалдығының индексі 2015
жылға қарағанда 5%-ға жақсарып, 62%-ды құрады. NPS индексі жетекші
халықаралық зерттеу агенттіктерімен өлшенеді және бизнес табысының
сенімді көрсеткіші болып табылады. NPS-тары 50%-дан жоғары
компаниялар өз нарығының көшбасшылары болып саналады, клиенттер
адалдығының жоғары деңгейін білдіреді және дамудың жоғарғы
көрсеткіштеріне кепілдік береді.
Сараптама Республика бойынша жүргізілді, 16 қаланы қамтыды.
* Клиенттердің қанағаттанушылығы көрсеткіші (Customer Satisfaction) –
компанияның өнімдерін, қызметтерін және сервистерін пайдаланатын
тұтынушылар тәжірибесінің жалпы бағасы.
* Тұтынушылар адалдығының индексі (Net Promoter Score) – клиенттердің
компанияның қызметін немесе өнімін қайталап қолдануға/сатып алуға
дайындығын анықтауға мүмкіндік береді.
Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әрдайым төмендегі қызметкерлерге
хабарласа аласыз:
«Сбербанк» АҚ ЕБ
Екатерина Купреева
+7 (727) 266 35 68 (ішкі 502499)
e-mail: yekaterina.kupreeva@sberbank.kz
Евгений Круглик
+7 (727) 266 35 68 (ішкі 501237)
e-mail: yevgeniy.kruglik@sberbank.kz
www.sberbank.kz
цитата соңы
[2017-01-09]