2017 жылдың 30 қаңтарында "Батыс транзит"АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болады

30.12.16 15:53
/KASE, 30.12.16/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Батыс транзит"АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), 2017 жылдың 30 қаңтарында сағат 12:00 компания акционерлерінің жылдық кезектен тыс жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: 1. Компанияның Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін, сандық құрамынанықтау туралы, оның мүшелерін сайлау, сондай ақ Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақы мен өтемақы төлеу көлемі мен шарттарын анықтау; 2. компанияның Директорлар кеңесіңің қағидасына өзгертулер мен толықтыруларды бекіту туралы. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Шевченко көш., 162, 4 қабат, мәжіліс залында өтеді. Аталмыш жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 10.30-дан басталады. Аталмыш жиналысқа қатысуышылардың тізімі 2017 жылдың 28 желтоқсанындағы жағдай бойынша жасалады. Кворум болмаған жағдайда акционерлердің қайталама жиналысы 2017 жылдың 31 қаңтарында жоғарыда аталған мекен-жайда өтеді. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер материалдарымен 2017 жылдың 20 қаңтарынан бастап жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін таныса алады. [2013-12-30]