"Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы" өзінің KZP02Y10E531 (KZ2C00003291, CAEPb2) облигациялары бойынша үшінші купонын төлегені туралы хабарлады

28.12.16 14:30
/KASE, 28.12.16/ - "Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы" (Алматы) 2016 жылдың 27 желтоқсанында өзінің KZP02Y10E531 (KZ2C00003291, KASE ресми тізімі, "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты, CAEPb2) облигациялары бойынша үшінші купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 51 000 000 теңгені құрады. [2016-12-28]