Ұлттық банк "Казинвестбанк" АҚ 2016 жылдың 05 мамырынан 04 қарашасына дейінгі кезеңге акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есебін бекітті

23.12.16 15:58
/KASE, 23.12.16/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казинвестбанк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк), Биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық Банк) 2016 жылдың 15 желтоқсанындағы компанияның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есебін бекіткені туралы хатының көшірмесін ұсынды: Берілген хатқа сәйкес: - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (Ұлттық Банк) 2016 жылдың 05 мамырынан 04 қарашасына дейінгі кезеңге компанияның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есебін бекітті; - 2016 жылдың 05 мамырындағы жағдайы бойынша компанияның 185 649 450 жай акциялары орналастырылған, оның жарғылық капиталы 15 554 843 000,00 теңге көлемінде қалыптасты. [2015-12-23]