Бүгін Қазақстан қор биржасында Ұлттық Банктің KZW1KY017010 қысқа мерзімді ноттарын сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

23.12.16 10:00
/KASE, 23.12.16/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық Банк) қысқа мерзімді ноттарын сатып алу бойынша төмендегі шарттармен (алматы уақытымен) арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп хабарлайды. --------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар тұрпаты: дисконттық ноттар Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZW1KY017333 Шығарылымның реттік номері: 1733 KASE сауда-саттық коды: NTK364_1733 Номиналдық құны, теңге: 100,00 Шығарылым көлемі, теңге: 55 710 365 300,0 Айналыста болудың алғашқы күні: 07.10.16 Өтеудің басталу күні 06.10.17 Орналастыру кезіндегі кірістілігі: жылдық 11,4788 % ------------------------------------------ -------------------------- Сауда-саттық күні: 23.12.16 Номиналы бойынша жарияланған көлемі, 16 713 109 590,00 млн.теңге: Лот көлемі 1 Өтінім түрлері: шектеулі Сауда-саттық мәні дисконтталған баға Өтінім беру тәсілі: ашық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 09:00–12:00 Өтінімдерді растау уақыты: 09:00–12:30 (Т+0) Кесім уақыты: 15:00 (Т+0) Төлеу уақыты: 23.12.16 15:00 (Т+0) дейін Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: кесімді баға бойынша Шектеулі өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі кесімді бағаға тең қарама -қарсы өтінімдердің шектеулі бағасы немесе сатып алушыға қолайлы баға бойынша Баға тең болған жағдайда қарама-қарсы берілген көлемге тікелей өтінімдерді қанағаттандыру пропорционалды Сауда-саттық жүйесі секторы MEKAM_ST2 Сауда-саттық жүйесі тобы NOTES --------------------------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен ноттың дисконтталған бағасы көрсетілуі тиіс. Өтінімде қаржы құралдарының саны ретінде ноттың саны данамен көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот көлеміне тең болуы тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген ноттың саны мен бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен ноттың дисконтталған бағасы өтінімде көрсетілуі тиіс. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде көрсетілген төлеу уақытқа "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінімдер бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Сауда-саттық жүрізу әдісі туралы қағидамен http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. Аталмыш ноталардың шығарылымы туралы нақты ақпаратпен http://www.kase.kz/ru/gsecs/show/NTK364_1733 мекен-жайында танысуға болады. [2016-12-23]