ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ ЖЕКЕ ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТКІЗЕДІ

22.12.16 11:10
/KASE, 22.12.16/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (Биржа немесе KASE) 2016 жылдың 01 қарашасынан бастап 15 желтоқсанына дейін жеке инвесторлар арасында байқау өткізгені туралы хабарлайды. Конкурстың шарттарына сәйкес KASE өкілеттік тізімінің акцияларын сату-сатып алу бойынша байқауға қатысушылардың мәмілелері ескерілді. 2016 жылдың 21 желтоқсанында мәмілелер бойынша жетістіктерге жеткен жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі болды: Гран-при – Жақыпова Ардқк Шыңғысқызы, "Фридом Финанс" АҚ клиенті (кірістілігі – 40,89 %); I орын – Сүлеймен Талғат Бақтығалиұлы, "Казпочта" АҚ клиенті (кірістілігі – 31,96 %); II орын – Шайхин Айбек Жадыгерович, "Фридом Финанс" АҚ клиенті (кірістілігі – 18,10 %); III орын – Емельбаева Фатима Равкатовна, "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ клиенті (кірістілігі – 13,91 %); IV орын – Диденко Владимир Михайлович, "Казпочта" АҚ клиенті (кірістілігі – 13,36 %); V орын – Карпенко Игорь Васильевич, "Фридом Финанс" АҚ клиенті (кірістілігі – 13,11 %). Жеке "Ең белсенді инвестор" номинациясы бойынша KASE конкурс аясында 251 мәміле жасаған Қасенова Асыл Темірболатқызын ("Фридом Финанс" АҚ клиенті) марапаттады. "Ең белсенді брокерлік ұйым" номинациясы бойынша жеңімпаздар "Фридом Финанс" АҚ және "Казпочта" АҚ болды,олар байқауда қатысуға өз клиенттерінің көп санны тартты (964 және 62 клиент сәйкесінше). Толық ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/press/ru/21_12_2016_KASE_Konkurs_investor.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2016-12-22]