"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру АҚ С.С.Әбденовты Директорлар кеңесінің мүшесі етіп сайлау туралы хабарлады

14.12.16 16:59
/KASE, 14.12.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГБӨ", "Компания") 2016 жылдың 13 желтоқсаны күні акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын (АКЖЖ) өткізді. ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің мүшесі ретінде өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған, Хопкинсон Кристофер Саймонның орнына, АКЖЖ бекіткен шешімге сәйкес, ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің құрамына - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық Компаниясы" АҚ адами ресурстарды басқару жөніндегі вице-президенті Әбденов Серік Сақбалдыұлы сайланды. Бұдан басқа, Үкіметтің 2015 жылдың 28 желтоқсандағы №1095 «50% астам акциялары мемлекетке және олармен аффилирленген тұлғаларға тиесілі заңды тұлғалармен іске асырылатын қызметтердің тізбесін бекіту туралы» (жарғылық капиталда қатысу үлесі) қаулысына сәйкес АКЖЖ шешімі бойынша ҚМГ БӨ Жарғысына өзгерістер енгізілді. ҚМГ БӨ қызмет түрлері аталған қаулыға сәйкестендірілді және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетімен келісілді. Жарғыға жасалған өзгерістер Компанияның негізгі қызметіне өзгерістер әкелмейді. цитата соңы [2016-12-14]