"ҚазАгро" Басқарушы холдингі АҚ Ақмола облысындағы етті қайта өңдеу кешені өнімін Астанаға жөнелте бастағаны туралы хабарлады

12.12.16 16:11
/KASE, 08.12.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазАгро" Ұлттық Басқарушы холдингі" АҚ Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегіні хабарлады: цитата басы Ақмола облысындағы етті қайта өңдеу кешені бар жаңа бордақылау алаңы өзінің алғашқы өнімін астаналық базарға жеткізе бастады. Кәсіпорынның ендігі жоспарында –көршілес Қытайдың нарығына етті экспортқа шығару. бұл жоба "ҚазАгро" ұлттық холдингінің 10 жылдығы және Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында іске асырылып отыр. Ақмола облысының Ерейментау ауданында 3000 басқа арналған бордақылау алаңын және жылына 5000 тонна ет пен ет өнімдеріне арналған етті қайта өңдеу кешенін құру жөніндегі жобаның екінші кезеңі іске асырылды. Жалпы құны 1,5 млрд.теңгенің жобасы "ҚазАгро" ұлттық холдингінің құрылымындағы компания "ҚазАгроҚаржы" АҚ қаржылай қолдауымен "Жаңа-Береке" ШҚ іске асырылады. Кәсіпорын өндірістің толық циклын іске асырады: репродуктор – бордақылау алаңы – ет өңдеу кешені, ол қазақстанның сауда желілерін ет өнімдерімен жабдықтап қоймай, онымен экспорт нарықтарына шығуға мүмкіндік береді. Осы үшін кәсіпорынмен халықаралық стандарттарға сәйкестік сертификаты алынды. цитата соңы Толық ақпарат KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_reliz_121216_kz.pdf мекен-жайында жарияланған. [2016-12-12]