Еуразиялық даму банкі Қазақстан қор биржасының мүшелігіне "қор" және "деривативтер" санаты бойынша қабылданды

12.12.16 12:05
/KASE, 12.12.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2016 жылдың 09 желтоқсанындағы шешімімен " Еуразиялық даму банкі АҚ Қазақстан қор биржасының мүшелігіне "қор" және "деривативтер" санаты бойынша қабылданды. "Қор" санаты бойынша мүшелік Қазақстан қор биржасында айналымға жіберілген биржалық бағалы қағаздардың айналымға (сауда-саттығына) қатысу құқығын береді. "Деривативтер" санаты бойынша мүшелік туынды қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттыққа қатысу құқығын береді. [2016-12-12]