2016 жылдың 01 желтоқсанынан бастап Экологиялық критерийлері, әлеуметтің жауапкершілік және корпоративтік басқару бойынша есеп беру Әдістемесі күшіне енгізілді

02.12.16 16:00
/KASE, 02.12.16/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) басқармасының 2016 жылдың 29 қарашасындағы шешімімен 2016 жылдың 01 желтоқсанынан бастап Экологиялық критерийлері, әлеуметтің жауапкершілік және корпоративтік басқару бойынша есеп беру Әдістемесі (одан әрі – Әдістеме) күшіне енгізілді. "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – KASE) Біріккен Ұлттық Ұйымының "Тұрақты қор биржалары" Бастамасы (Sustainable Stock Exchanges Initiative, бұдан әрі – SSE Бастамасы) шегінде экологиялық критерийлер, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару бойынша есеп құрастыру әдістемесін (Environmental, Social and Governance (бұдан әрі – ESG), әзірледі. Әдістеме 2016 жылдың 01 желтоқсанынан бастап қолданысқа кіреді. ESG Әдәстемесі листингілік компаниялар мен KASE мүшелері үшін әзірленіп, интеграцияланған есеп берушілікті әзірлеу бойынша нұсқаулар мен принциптерін мазмұндайды. Осындай есеп берушілікті құрастыру мақсаты ақпаратты ашу деңгейін арттыруға ұзақ мерзімді тұрақты Толық ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/press/ru/30_11_2016_ESG_ru.pdf мекен-жайында танысуға болады. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/met_ekolog_soc.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2016-12-02]