29 қарашада Қазақстан қор биржасы ҰКП және Даму қорымен бірлесіп, "Қор нарығы: кәсіпкерлік үшін жаңа көкжиектер" тақырыбына оқыту семинарын өткізді

30.11.16 10:31
/KASE, 30.11.16/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2016 жылдың 29 қарашасында Алматыда "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (тақырыптамада – "Атамекен" ҰКП) және "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ бірлесіп, "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) ұйымдастырған, "Қор нарығы: кәсіпкерлік үшін жаңа көкжиектер" тақырыбына семинар болып өткені туралы хабарлады. Семинар шегінде IFC Kazakhstan (Дүниежүзі Банкінің тобына кіретін, Халықаралық қаржылық корпорация), "Фридом Финанс" АҚ, "SkyBridge Invest" АҚ, "Сентрас Секьюритиз" АҚ, "Астана-Инвест" Инвестициялық Үйі" АҚ, "ПрайсуотерхаусКуперс" ЖШС, "UNICASE" Заңгерлік компаниясы" ЖШС, "AEQUITAS" Заңгерлік компаниясы" ЖШС сияқты, 10 компанияның өкілдері 14 лекция оқыды. Осы іс-шара бойынша нақты ақпарат KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/press/ru/29_11_2016_KASE_NCE_seminar_Almaty.pdf мекен-жайында жарияланған. KASE, аталмыш семинардың меншік иелері мен қазақстандық компаниялардың басшыларының отандық қор нарығы және оның мүмкіндіктері туралы білімін арттыру мақсатында, "Қор нарығы: кәсіпкерлік үшін жаңа көкжиектер" оқыту бағдарламасы аясында өткендігін ескертеді. Бағдарлама туралы толық ақпаратты http://www.kase.kz/ru/events/show/2016/events_edu_stock_2016 сілтемесі бойынша табуға болады. [2016-11-30]