"ҚазАгро" Басқарушы холдингі АҚ Алматыда жаңа жылыжай кешенін іске қосуға дайындығы туралы хабарлады

28.11.16 17:34
/KASE, 28.11.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазАгро" Ұлттық Басқарушы холдингі" АҚ Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегіні хабарлады: ... Алматы қаласында Қазақстандағы ең үлкен жылыжай кешені тұрғызылды. Бұл "ҚазАгро" ұлттық холдингінің 10 жылдық мерейтойы қарсаңында іске қосылғалы отырған республиканың АӨК-гі кезекті инвестициялық жоба. Объектіні Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық құрметіне ресми түрде ашу іс-шарасы биылғы жылдың желтоқсан айына белгіленген. "BRBAPK" ЖШС-нің жалпы құны 6,6 млрд. теңге тұратын алаңы 12 га жылыжайын "ҚазАгро" құрылымындағы компания - "ҚазАгроҚаржы" АҚ қаржыландырған. Объект оңтүстік астананың Алатау ауданында орналасқан және 3 200 тонна қызанақ пен 4 000 тонна қиярдың жылдық өндірісіне бағдарланған. Өндірісте Dalsem голланд компаниясының технологиясы қолданылады. Шамамен 150 адамды жұмыспен қамту көзделген. ... Толық ақпарат KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_reliz_281116_kz.pdf мекен-жайында жарияланған. [2016-11-28]