"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ акционерлердің кезектен тыс жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізілетіні туралы хабарлады
21.11.16 14:45
/KASE, 21.11.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) төмендегі
хабарламаны ұсынды:
цитата басы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") 2016 жылдың
13 желтоқсанына тағайындалған алда болатын Акционерлердің кезектен
тыс жалпы жиналысының (АКЖЖ) күн тәртібіне қосымша мәселе енгізілетіні
туралы хабарлайды. 2015 жылдың 28 желтоқсанындағы №1095 Үкімет
қаулысына сәйкес, ҚМГ БӨ Жарғысына өзгерістер енгізу туралы қосымша
мәселе енгізіледі. Қаулыға сәйкес акцияларының 50%-дан астамы
мемлекетке және олармен аффилирлендірілген тұлғаларға тиесілі, заңды
тұлғаларға рұқсат етілген, қызмет түрлерінің тізбесіне өзгерістер енгізу
қажет.
Жоғарыдағы аталған Жарғының өзгерістері техникалық сипатта
болғандықтан, Компанияның негізгі қызметі қандай да бір өзгерістерге
ұшырамайды.
Қосымшаларды есепке алғандағы күн тәртібі:
«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Жарғысына өзгерістер енгізу туралы.
Қоғам директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату.
Қоғам Директорлар кеңесінің мүшесін сайлау.
Алда болатын АКЖЖ материалдарымен жиналыс өткізілетін күннен 10 күн
бұрын ҚМГ БӨ сайтынан таныса аласыздар.
Байланыстық ақпарат:
«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97
54 33)
Сакен Шошанов
e-mail: ir@kmgep.kz
«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)
Бақдаулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz
Brunswick Group (+44 207 404 5959)
Кэрол Кэйбл
e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com
Bell Pottinger (+44 203 772 2500)
Гевин Дэйвис
Генри Лервил
e-mail: KMGEP@bellpottinger.com
цитата соңы
[2016-11-21]