"Кселл" АҚ өзінің Директорлар кеңесінің "Altyn Bank" акционерлік қоғамынан ("Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ ЕБ) 8,0 млрд теңге көлемінде несие алу туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлады
22.11.16 12:09
/KASE, 22.11.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы) биржаға ұсынған ақпараттық
хабарламасында былай деп мәлімдеді:
Қазақстанның мобильді телекоммуникациялық қызметтердің нарығындағы
кіріс көлемі мен абоненттер саны бойынша жетекші провайдері "Кселл"
акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам немесе Компания) (LSE, KASE:
KCEL) өз инвесторлары мен акционерлеріне келесіні хабарлайды:
"Кселл" АҚ Директорлар кеңесі "Кселл" АҚ және Altyn Bank" АҚ ("Қазақстан
Халық жинақ банкі" АҚ ЕБ) арасында 2013 жылдың 24 қыркүйегінде
жасалған Келісімі бойынша 2016 жылдың 26 желтоқсанында төленетін,
мақсаты – айналым кпиталын қаржыландыру мақсаттары үшін, 8 млрд теңге
сомасына алған несиесін өтеу туралы шешім қабылдады. Осымен бірге, 8
млрд теңгені қысқа мерзімі займ түрінде 2013 жылдың 24 қыркүйегіндегі
Келісім шегінде әрі қарай, мерзімі 12 ай немесе 2017 жылдың 27
қарашасына дейін, пайдалану туралы шешім қабылданды.
[2016-11-22]