/KASE, 24.11.16/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 27 қазанындағы
шешімімен "Estate Management Company" АҚ (Алматы) KZ1P60350116
(ISIN – KZ1P00001341) артықшылықты акциялары KASE ресми тізіміне
екінші санат бойынша енгізілді.
Листингілік комиссияның осы шешіміаталмыш эмитент "Листингілік
ережелері" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағының шарттарын
орындауына байланысты 2016 жылдың 24 қарашасынан бастап өз күшіне
енді.
Аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығының ашылуы туралы
қосымша жарияланады.
Аталмыш акцияларға ESMCp қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді
Осы акциялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-
сайтында
http://www.kase.kz/ru/emitters/show/esmc мекен-жайында
жарияланған.
[2016-11-24]