/ӨЗГЕРТІЛДІ/ "Кселл" АҚ өзінің Директорлар кеңесінің "Қазақстан Халық жинақ банкі" акционерлік қоғамынан 8,0 млрд теңге көлемінде несие алу туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлады

23.11.16 16:25
/KASE, 23.11.16, эмитент жаңартылған құжат ұсынуына байланысты қайта жарияланады/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы) биржаға ұсынған ақпараттық хабарламасында былай деп мәлімдеді: Қазақстанның мобильді телекоммуникациялық қызметтердің нарығындағы кіріс көлемі мен абоненттер саны бойынша жетекші провайдері "Кселл" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам немесе Компания) (LSE, KASE: KCEL) өз инвесторлары мен акционерлеріне келесіні хабарлайды: "Кселл" АҚ Директорлар кеңесі "Кселл" АҚ және "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ арасында 2013 жылдың 24 қыркүйегінде жасалған Келісімі бойынша 2016 жылдың 26 желтоқсанында төленетін, мақсаты – айналым кпиталын қаржыландыру мақсаттары үшін, 8 млрд теңге сомасына алған несиесін өтеу туралы шешім қабылдады. Осымен бірге, 8 млрд теңгені қысқа мерзімі займ түрінде 2013 жылдың 24 қыркүйегіндегі Келісім шегінде әрі қарай, мерзімі 12 ай немесе 2017 жылдың 27 қарашасына дейін, пайдалану туралы шешім қабылданды. [2016-11-23]