"Исткомтранс" АҚ KZ2P0M06F433 (KZ2P00003858, ECTRb1) облигациялары 13 қарашадан бастап KASE ресми тізіміне "Коммерциялық облигациялар" санаты бойынша енгізілді

23.11.16 11:23
/KASE, 23.11.16/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 16 қарашасындағы шешімімен "Исткомтранс" АҚ (Алматы) KZ2P0M06F433 (KZ2P00003858; 1 000 теңге, 1,2 млрд теңге; 6 ай; жылдық 14,00 % жарты жылдық купон; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "Коммерциялық облигациялар" санаты бойынша енгізілді. Листингілік комиссиясының осы шешімі аталмыш эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабыны, 1 тармағының 2) тармақшасының талаптарын орындағаннан кейін 2016 жылдың 23 қарашасынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығының ашылуы қосымша жарияланады. Аталмыш облигацияларды ұстаушылардың өкілі "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. "Исткомтранс" АҚ қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ (Казкоммерцбанкә еншілес ұйымы) (Алматы) болып табылады. Осы облигацияларға ECTRb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жуырдағы уақытта http://www.kase.kz/ru/emitters/show/ectr мекен-жайында жарияланады. [2016-11-23]