25 қараша күні Қазақстан қор биржасында "Исткомтранс" ЖШС KZ2P0M06F433 облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттығын өткізу жоспарланды

21.11.16 11:21
/KASE, 21.11.16/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2016 жылдың 25 қарашасында KASE сауда-саттық жүйесінде "Исткомтранс" ЖШС (Алматы) KZ2P0M06F433 (1 000 теңге, 1,2 млрд теңге; тиянақталған купон, жылдық 14,00 %; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізімі, "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты, BUZAb1; 10 000 теңге, 15,0 млрд теңге, 5 жыл, тиянақталған жарты жылдық купон; жылдық 19,00 %, 30/360) бойынша төменде берілген шарттар бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп хабарлайды. -------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZ2P0M06F433 Номиналдық құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: 1 200,0 Айналыста болудың алғашқы күні: бірінші жүзеге асқан аукционды өткізу күні Айналыста болудың соңғы күні: бірінші жүзеге асқан аукционның қорытындысы бойынша анықталады Өтеудің басталу күні бірінші жүзеге асқан аукционның қорытындысы бойынша анықталады Айналыста болу мерзімі: 6 ай (180 күн) Купон мөлшерлемесі жылдық 14,00 % Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 1 рет Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------ ------------------------- Сауда-саттық күні: 25.11.16 Өтеуге дейінгі мерзім: 5,0 жыл (1 800 күн) Номиналы бойынша жарияланған көлемі, 15 000,0 млн.теңге: Лот көлемі 1 Сауда-саттық заты: "таза" бағасы Сатуға өтінім түрлері: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 11:30–15:00 Өтінімдерді растау уақыты: 11:30–15:30 Кесім уақыты: 16:00 Төлеу уақыты: 06.10.16 Төлем уақыты: 16:00 (Т+0) дейін Өтінімдерді кесімдеу тәсілі: бағасы кесімді бағаға тең немесе төмен өтінімдер кесімделеді Сауда-саттық жүргізуші бастамашысы: "Козкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) -------------------------------------------------------------- Арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар аталған облигациялар KASE ресми тізіміне енгізілу шартымен жүзеге асырылады. Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның "таза емес" (жинақталған сыйақысы қосып) бағасы көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Қаржы құралдарының саны лотқа тең немесе еселі болуы тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялардың саны мен бір облигацияның "таза емес" бағасына көбейтіндісі (сыйақысын қосқандағы) теңгемен көрсетілуі тиіс. Мәміленің көлемі, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған, облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде көрсетілген төлеу уақытқа "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді тек KASE қор нарығы мүшелері бере алады. Басқа инвесторлар өтінімдерін тек осы заңды тұлғалар арқылы бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. [2016-11-21]