"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ өзінің акциялары бойынша 59,7 млрд теңге көлемінде дивиденд төлегені туралы хабарлады

14.11.16 12:28
/KASE, 14.11.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған,"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана), былай деп хабарлады: ... 2016 жылдың 10 қарашасында "ҚазМұнайГаз" ҰК"АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) тарапынан дивиденд төлеу аяқталды, олардың жалпы сомасы 59 748 893 100 ... теңгенің құрады (шоғырландырылған жылдық кірістің 15% ), соның ішінде: - "Самұрық-Қазына" АҚ (бұдан әрі – ҚОР) пайдасына 53 774 203 202 ... теңге. - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) пайдасына 5 974 689 898 ... теңге. Қор Басқармасының 2016 жылдың 11 тамызындағы шешімімен (№ 29/16хаттама) ҚМГ бір жай акциясына дивиденд көлемі 102 (бір жүз екі) теңге 27 (жиырма жеті) тиын көлемінде бекітілді. [2016-11-14]