Ұлттық Банк "Фридом Финанс" АҚ KZ2C0Y03F091 (KZ2C00003440, FFINb1) облигацияларын 2016 жылдың 22 қаңтарынан 22 шілдесіне дейінгі кезеңде орналастыру туралы есебін бекітті

11.11.16 11:40
/KASE, 11.11.16/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) өзінің KZ2C0Y03F091 (KZ2C00003440, KASE ресми тізімі, "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты, FFINb1) 2016 жылдың 22 қаңтарынан бастап 22 шілдесіне дейінгі кезеңде орналастыру туралы есебін бекіту туралы 2016 жылдың 19 тамызындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық Банк) хатының көшірмесін биржаға ұсынды. Ұсынылған хатқа сәйкес, аталмыш облигациялардың есептік кезеңде орналастырылуы жүзеге асырылған жоқ. 2016 жылдың 22 шілдесіндегі жағдай бойынша аталмыш облигациялардың 3 000 000 данасы орналастырылмаған. [2016-11-11]